"Парасат" дебат клубының отырысы болып өтті.
Мектебімізде жоспарға сай "Парасат" дебат клубының отырысы болып өтті.
Мақсаты:
- оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап құмарлыққа баулу, кітап оқуға саналы түрде баулу, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту.
Дебат отырысы "БП кітаптың орнын интернет алмастыра алады деп есептейді», «БП неге кітап оқығаннан интернет қызығырақ деп есептейді" қарарларында өтілді. Дебат отырысына жоғары сынып оқушыларынан құралған «Шыншыл», «Достар» фракциялары қатысты. Фракциялар «Кітаптың орнын интернет алмастыра алады ма?, Ғаламтор кітапты алмастыра алады ма? осы сұрақтар аясында пікір алмасып, әр команда өз пікірлерін дәлелдеп шықты.
Қатысушылар ойын барысында өз позицияларын қорғай алды. Ойын тартысты, қызықты өтті. Шешендік қасиеттерімен ойынды өте жоғары деңгейде көрсете алды.