«Шәкәрім оқулары»

13 наурыз 2024 жылы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында III Республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Байқауға облысымыздың әр өнірінен оқушылар қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
«Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Сагидулла Жанель бас жүлде иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кусаинова Д.Б.