back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Шаш өру қазақ қызына тән"
16-03-2025 10:27
А.Асылбеков атындағы ЖББМ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 6-9 сынып оқушы қыздарының арасында "Шаш өру қазақ қызына тән" атты челленджін өткізді. Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік. Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп қараған. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүлебіл шаш деп, өріміне қарай "жалғыз бұрым", "қос бұрым" деп бөлінеді. Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады.
Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да бар. "Шашыңды қима", "Шашыңды жайма", " Шашыңды отқа тастама" деген тыйымдар бар.
Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру.
Новости