back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Туған жерді сүй!»
12-05-2025 17:07
«Туған жерді сүй!»
Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды сыныбында 12-16 мамыр аралығында «Туған өлкем!» атты экологиялық апталық басталды.
Апталықтың алғашқы күні «Туған жерді сүй!» ұранымен ашылып, «Табиғатты сүю – Отанды сүю» тақырыбында экологиялық саяхат ойыны ұйымдастырылды. Балалар өсімдіктер мен жәндіктердің, қоршаған ортаның атауларын атап, табиғат туралы қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Бұл шара балалардың табиғатқа қызығушылығын арттырып, экологиялық білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
Тәрбиеші: Жетписбаева Г.Е.
Новости