Жазғы демалыстағы спорттық ойындар.

Жазғы демалыс уақыты жыл бойына оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Бірақ барлық ата-ана бірдей балаларының демалысын дұрыс ұйымдастырады деп айту қиын. Жазғы демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Сол себепті А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде балаларға спорттық ойындар іс-шарасы жалғасуда.