Дені саудың - жаны сау.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Бүгінде А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің оқушылары жазғы демалысқа қарамастан бос уақыттарын мектепте спорттық ойындармен өткізуде.