"Аспан әлемі"

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар үшін қуаныш пен шаттыққа толы түрлі қызықты ойындар, көңілді сайыстар өткізілді. Және де балаларға арнайы "Аспан әлемі" бағдарламасы ұйымдастырылды. Әр баланың жүзінен күлкі, жүрегінен қуаныш сезілді.
Мереке соңында балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында барлығына тәтті балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күймен қуанышты сәттер сыйланды.
Бүгінгі күн оларға қуаныш пен шаттық сыйлады деп сенеміз!