"Гүлдер" жазғы лагері.

02.06.2025 ж. Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы "Гүлдер" жазғы лагерідің екінші күні балалар үшін мазмұнды да қызықты өтті. Таңертеңгі қабылдау кезінде мектеп медбикесі балалардың денсаулығын тексеріп, олардың күнді қауіпсіз өткізуіне жағдай жасады.
Балалар алдымен сынып бөлмесінде түрлі тапсырмалар орындап, өз ойлау қабілеттерін дамытты. Одан кейін спорт залда ұйымдастырылған "Бақытты балалық шақ" тақырыбындағы қызықты ойындарға белсене қатысып, көңілді уақыт өткізді. Олар бір-бірімен достасып, ұйымшылдық пен шапшаңдық танытты.