Сөйлеу. Сөйлем. Мектептегі бір күнім»

Бүгін «Балақайлар
мектебі» бағдарламасының 3-күні өтті.
Әліппе сабағында «Сөйлеу. Сөйлем. Мектептегі бір күнім» тақырыбы бойынша сабақ жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар мектептегі бір күндері туралы әңгімелеп, сөйлем құруға үйренді. Олар мектепке келу, сабақ оқу, ойын ойнау, үйге қайту туралы сөйлемдер құрап, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамытты.
Математика сабағында «1 саны және цифры. Менің бөлмем» тақырыбы өтті. Балалар 1 санымен, оның жазылу жолымен және заттарды санаумен танысты. Сонымен қатар, өз бөлмелерінде қанша зат бар екенін санап, 1 санының маңыздылығын түсінді.
Қосымша іс-шарада қимылды ойындар ұйымдастырылды. Балалар түрлі қимылды ойындар ойнау арқылы дене белсенділіктерін арттырды, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірді және көңіл-күйлері көтерілді. Ермексазбен де жұмыстар жасады.
Сабақтың мақсаты – ойлау мен дене дамуын жетілдіру болды. Бұл мақсат толық орындалды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, өз ойларын еркін айтып, математикада 1 санын меңгерді және ойындар барысында бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатты.