«Оқушылардың бірыңғай мектеп формасын міндетті түрде сақтау».

Педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналысында маңызды мәселе қаралды — «оқушылардың бірыңғай мектеп формасын міндетті түрде сақтау».

— ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы № 26 бұйрығына сәйкес барлық оқушылар бекітілген мектеп формасының стандарттарын сақтауы тиіс.
— Форма қатаң классикалық үлгіде болуы, баланың жасына сай және ыңғайлы болуы қажет.
— Түстік гамманы мектеп белгілейді, бірақ ашық, көзге ұратын реңктер болмауы керек. (Қою көк түс)
— Мүлдем тыйым салынады: джинсы, спорттық киім, логотиптер және формаға қатысы жоқ аксессуарлар.
Мұғалімдер бірыңғай форманы сақтау арқылы оқушыларда тәртіптілік, ұқыптылық және мектеп ережелеріне құрмет сезімін қалыптастыру шараларын талқылады.

— Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
— Форма сақталуын бақылауды күшейту;
— Қажет жағдайда әлеуметтік осал отбасылардағы оқушыларды қолдау.
Форма — жай ғана киім емес. Ол мектеп мәдениетінің бір бөлігі, құрмет пен ұжымға тиесіліліктің белгісі! 

@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg