«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.

27 тамыз 2025 жылы А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде педагогикалық кеңес өтті. Педкеңеске Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Хусаинова Г.Х. және Нұра ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С. қатысты. Педагогикалық кеңесте мектеп директоры Абаев Е.Е. сөз алып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныстырды. «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтар» тақырыбында ұйымдастырылған педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сай мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Кусаинова ҚР ОАМ ӘНХ-мен сонымен қатар жаңа нормативтік актілер мен бағдарламаларға шолу жасады. Мектеп директорының ТІЖ орынбасары Оспанов Р.З. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы бірқатар өзгерістерге тоқталып, алдағы тәрбие жұмыстарының барысымен таныстырды. Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сай кезең-кезеңімен ҚР орта және ТжКБ ұйымдарында ЖИ жүйелерін қолданудың этикалық стандарттары, 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері қарастырылды. Кеңес барысында ұстаздар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Тамыз конференциясында көтерген мәселелері туралы бейнероликті қарап, алдағы оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындады. Сондай-ақ мектептің оқу жоспары, білім алушылардың тізімдік құрамы, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педкеңес пен әдістемелік кеңес жоспарлары, мектепішілік бақылау жоспары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары, академиялық адалдықты сақтау қағидаларын талқылап, бекітті. Педагогикалық кеңесте санитарлық нормалардың сақталуы, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, инклюзивті орта ұйымдастыру, мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібінің ережелерін басты назарда ұстау керектігін атап өтті.