Бала тәрбиесі – отбасыдан басталады.

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бала тәрбиесі – отбасыдан басталады. «Сәлеметсіз бе», «Рахмет», «Өтінемін», «Кешіріңіз» сияқты сиқырлы сөздерді бала ең алғаш рет отбасында естиді. Үйде олар адалдыққа, ұқыптылық пен тәртіпке, уақытты бағалауға, достық пен үлкендерді құрметтеуге, мұғалімді сыйлауға үйренеді.
Сондай-ақ, үйде тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы орынға тастауға, өз заттарына ұқыппен қарауға және бөтеннің мүлкіне тимеуге тәрбиеленеді.
Ал мектепте біз оларға тіл мен әдебиетті, математика мен тарихты, география, физика, химия, дене шынықтыру пәндерін үйретеміз. Біз, ұстаздар, ата-ана тәрбиесін толықтырамыз, бірақ ешқашан оны алмастыра алмайтынымызды айтқым келеді.
Сондықтан бала тәрбиесінде сіздердің қолдауларыңыз – аса маңызды. Ата-ана мен мектеп бірлесе отырып, балаға дұрыс бағыт берсе, оны патриот, білімді, мәдениетті, адал азамат етіп өсіре аламыз. Болашағы жарқын ұрпақ – баршамыздың ортақ жетістігіміз!
Жаңа оқу жылы табысты, берекелі болсын!