5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!
Бүгін, 5 қыркүйекте, Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Атаулы шара Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып, мектеп оқушылары мен ұстаздар үшін ерекше рухани мазмұнмен өтті.
Салтанатты жиынды "Жас ұлан" және "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері ашып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетумен бастады. Апталық аясында түрлі танымдық, шығармашылық және тілдік шаралар өткізілуі жоспарланып отыр.
Бұл апталықтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу, көпұлтты Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностардың тілдеріне деген сыйластық пен қызығушылықты қалыптастыру.