«25 қазан Республика күні»
7-сыныпта «25 қазан Республика күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдану тарихымен танысты, Отан туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады және викторинаға қатысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларда елге деген мақтаныш пен патриоттық сезім қалыптастырды.
