
А. Асылбеков ат ЖББМ мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа»
олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олимпиадалық резерв топтарын қалыптастырып, алдағы жарыстарға жүйелі даярлық жүргізу.

Олимпиадаға 5-сыныптан – 7 оқушы, 6-сыныптан – 9 оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды.

Сайыс барысында оқушылар теориялық білімдерін қолдана отырып, түрлі логикалық есептерді шешіп, білім мен тапқырлықтарын көрсетті.

Олимпиада қорытындысында оқушылар төмендегідей орындарды иеленді.

5 сыныптар бойынша,

орын - Досмагамбетов Батырхан, Ерлік Елжан

орын - Жұмабеков Даурен. Қазбек Серік

орын - Амантай Малика, Төлеген Алмаз

6 сыныптар бойынша,

орын - Олжабай Жарас, Елеубай Гүлім

орын - Сафронова Екатерина, Амантай Мөлдір

орын - Ермек Айдария, Жұмажан, Аңсар, Камидулла Батырхан

Бұл олимпиада – оқушылардың өз қабілетін танып, алдағы үлкен жарыстарға деген сенімін нығайтатын алғашқы баспалдағы. Жеңімпаздар алдағы уақытта аудандық кезеңге іріктеліп, тереңдетілген дайындық жұмыстарымен қамтылады.

Жеңімпаз оқушыларға сәттілік тілейміз!