back-image
"Қарақойын жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарақойын жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Ұстазы жақсының,ұстанымы жақсы" атты мерекелік бағдарлама
07-10-2024 15:53

       Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық.Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі.Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет.

        Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі ,қазіргі ахуалы- ұстаздар еңбегінің нәтижесі.Себебі, Президент мен министр ,депутат пен әкім ,өнер адамы мен спорт майталманы ,кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар.Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп –қисаптың қыр сырын үйретіп , он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз.Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды. Осынау Ұстаздар күніне орай «Қарақойын жалпы білім беретін мектебінде «"Ұстазы жақсының,ұстанымы жақсы"» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын айтып,би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Ұстаздар күніне арналған газеттер шығарып , ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Арада қанша күн ,ай , жылдар өтседе ,ұстаздың бейнесін ұмытпай ,ілтипат пен ізеттілік танытатын шәкірттердің болуы – зор мәртебе,еңбегінің бағалануы.Ендеше, балғындардың зейінін ашатын ,балалардың санасына барлық игі ұғымды сіндіретін ,оқу додаларында озат болуы үшін барын салатын,шәкірттерінің өз елін ,жерін сүйетін елеулі азамат атануы үшін аянбайтын ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын.

Новости