
“Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр!” - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Қарақойын ЖББмектебінің өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы - мектеп Президентіне сайлау өткізілу шарасы өткізілді. Сайлауға қатысушы үміткерлеріміздің әрқайсысының алға қойған мақсаттары айқын, жоспарлары көп. әрине, оқушыларға кімнің жоспары ұнаса сол мектебіміздің Президенті болмақ