back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық жасау күні атап өтілуде
15-03-2025 19:53
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
 
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық жасау күні атап өтілуде. Осыған орай бүгін аудан орталығының жастар алаңында аудандық білім бөлімі мен мектеп ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
 
Мерекелік шара қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырудан басталды. М. Жұмабаев атындағы мектеп ұжымы театрландырылған көріністе "бесікке бөлеу" және "шолпы тағу" дәстүрлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті, әрі қазақтың салт-дәстүрлерін одан әрі тереңірек білуге көмектесті. Кенттің мектеп ұжымдары әсем ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
Алаңда орналастырылған киіз үй ішінде мерекелік дастархан жайылып, тұрғындар дәмнен ауыз тиді. Әр мектеп өздерінің жаңа инновациялық жобаларын аудан әкіміне таныстырды.Айта кетсек, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп ұжымы жасанды интеллект тақырыбын дамытып, суреттерді жандандыру арқылы Наурыз мерекесіне құттықтау әзірлесе, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп ұжымы 3D принтерде шығарылған асықтар, домбыра және киіз үй макеттерін ұсынды. Аудан әкімі бұл жобаларды жоғары бағалап, болашақта дамытып, ауданды танытатын сувенирлер шығару идеясын ұсынды.
 
Мерекелік шара аясында арқан тарту, асық ату және таяқ тартыс сияқты спорттық жарыстар да өтті. Тұрғындар бұл ойындарға белсене қатысып, қызығушылық танытты. Әсіресе, балалардың асық ату ойынына аудан әкімінің өзі де қосылып, мерекелік көңіл-күйді арттырды.
 
Бүгінгі өткен қайырымдылық күніне арналған шара Наурыз мерекесінің рухына сай, бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі болды.
Новости