Біздің мектептің оқушылары "Жолда жүрудің жас инспекторларының" аудандық сайысында жүлделі II орынға ие болды

2025 жылдың 28 сәуір күні Кәрім Мыңбаев ЖББМ ауданымыздың Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Жолда жүрудің Жас инспекторларының» аудандық сайысы өткізілді. Бұл іс-шара жылда аудан мектептері бойынша алдымен мектепаралық, одан кейін аудандық жарыс болып сәуір айында өткізіледі. Осындай үлкен іс-шараны Нұра аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Секешев Д.С. Нұра ауданы білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мустафин А.Х. Нұра ауданы, білім беру бөлімінің әдіскері Жукушева А.С. және Біргебаев Б.К.бірлесе отырып өткізуге ат салысты. Сайысты А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің директоры Абаев Е.Е. құттықтау сөзімен бастап, командаларға сәттілік тіледі.
Сайыс мақсаты: Жолда жүру Ережесін меңгеру және оны орындауда үлгі болу. Жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша өз құрдастары мен бастауыш сынып балалары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Балалардың жолда жүру Ережесін бұзуының алдын алу жұмыстарына қатысу, қоғамдық тәртіпті сақтау және нығайту. Денсаулықты нығайту, спортпен және дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану.
«Жолда жүрудің Жас инспекторлы» отрядтары- оқушылардың ерікті бірлестігі. Ол оқушылардың бойында азаматтылық, жалпы жоғары мәдениеттілік, ұжымшылдық, кәсіби бағдар, төмен және орта жастағы балалар арасында жолдағы қауіпсіздікті насихаттауды ұйымдастыруға кеңінен тарту мақсатында құрылады. Жолда жүрудің Жас инспекторлар отрядтары- оқушылардың ерікті бірлестігі.Ол оқушылардың бойында азаматтылық, жалпы жоғары мәдениеттілік, ұжымшылдық, кәсіби бағдар, төмен және орта жастағы балалар арасында жолдағы қауіпсіздікті насихаттауды ұйымдастыруға кеңінен тарту мақсатында құрылады.
Жолда жүрудің Жас инспекторлары жұмысының негізгі бағыттары:
1. ЖЖИ отрядының мүшелерінде милицияның батырлық, әскери және еңбек дәстүрлері арқылы өз Отанына берілгендікті тәрбиелеу, құқықтық сана-сезімдерін, адамдаргершілік қарым-қатынас, достық сезімдерін қалыптастыру.
2. Жолда жүру Ережесін терең меңгеру, балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу әдістерін және жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсету дағыдыларын үйрету.
3. Мектептегі жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша жұмыстың бұқаралық-түсіндірмелік жұмысын жүргізу. ЖЖИ байқаулары мен слеттарына қатысу, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мектеп алаңдарының жұмысын ұйымдастыру .
4.Жас велосипедшілердің жұмысын ұйымдастыру.
Сайысқа ауданымыздың 4 мектебі қатысты:
1.Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебі
2.Байтуған ЖББ мектебі
3.К.Мынбаев атындағы ЖББ мектебі
4.А.Байтұрсынов атындағы Тірек мектебі (РО)
Осы аталған сайыс ережесін сақтай отыра, барлық командалар өте жоғары деңдейде дайындалып, өздеріне тиесілі ережелерін мұқият орындап, жоғары нәтиже көрсетті. Сайыстар қортындысы бойынша:
3-ші орынды А.Байтұрсынов атындағы тірек мектебі (РО)
2 –ші орынды К.Мынбаев атындағы ЖББ мектебі,
1-ші орынды Байтуған ЖББ мектебі
ГРАН-ПРИ бас жүлдені Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебі иеленді. Барлық 4 мектептің оқушыларына, яғни төрт команданың 28 оқушысына марапаттар мен бағалы сыйлықтар таратылды. Жоғары деңгейде өткізілген іс-шараны ұйымдастырған Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің әкімшілігі мен «Алғашқы әскери және техникалық дайындық» ұстазы Ахантаев Б.К алғыс білдіреміз.
#nura_akimat
#нұраауданыбілімбөлімі
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg