back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Алғашқы қоңырау – білімге бастар алғашқы қадам!
02-09-2025 14:47
Алғашқы қоңырау – білімге бастар алғашқы қадам!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және шәкірттер!
Бүгін барлығымызды сағынышпен күткен – жаңа оқу жылының алғашқы күні. Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін үлкен мереке, ал жоғары сынып оқушылары үшін жауапкершілік пен жаңа биіктерге бастайтын сәт.
Бүгін, Кәрім Мыңбаев ЖББМ-де де алғашқы қоңырау үні соғылды! 
Іс -шараны Нұра ауданының Білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мустафин Адамбай Хасенович құттықтауымен басталып, марапатқа ұласты. Оқушыларды жаңа оқу жылымен Ауыл әкімі Жуматаев Амангельді Умирбаевич, мектеп директоры Алпысбаева Галия Клишевна құттықтап, бірінші сынып оқушыларына өз тілектерін білдірді. 
 
Алғашқы қоңырау – үміт пен арманға толы жаңа белеске шақырады.
Білім айдынында әр шәкіртке сәттілік тілейміз!
 
Жаңа оқу жылы құтты болсын! 
Новости