back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
10-09-2025 22:42
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Бүгінгі таңда оқушыларымыздың денсаулығына көңіл бөлу ерекше маңызға ие. Олардың оқу жетістіктерімен қатар, салауатты өмір салтын ұстануы, белсенді қимыл-қозғалыспен шұғылдануы – басты назарда болуы тиіс.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі жеткілікті деңгейде дене белсенділігімен айналыспайды. Сондықтан сабақ барысында тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларын өткізу – олардың физикалық дамуына, эмоционалдық жағдайына, қан айналымы мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына оң әсерін тигізеді. Бұл тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, мектепте сергектік пен жағымды көңіл-күй атмосферасын қалыптастырады.Барлық педагогтерге дене жаттығуларын мектеп өмірінің міндетті әрі ажырамас бөлігі ретінде енгізу ұсынылады. Жаттығуларды балалармен бірге орындау – көңілді, қолжетімді және пайдалы тәсіл!

Новости