back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қымбатты демеушілеріміз!
24-09-2025 21:47
Қымбатты демеушілеріміз!
Кәрім Мынбаев атындағы  ЖББМ мектебінің  әкімшілігі, педагогикалық ұжымы, ата-аналары мен оқушылары мектебімізге халқымыздың көрнекті ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Кәрім Мыңбаевтың есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай  ұйымдастырылған іс-шараға қолдау көрсетіп, көмек қолын созғандарыңыз үшін сіздерге   шынайы алғыс білдіреді.
Мектебімізге Кәрім Мыңбаевтың есімі берілгеніне  30 жыл толған  мерейтойды    атап өткен күні сіздер біз үшін сенімді тірек , әрі шабыттың қайнар көзі болдыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз мерекемізді жарқын да есте қаларлық оқиғаға айналдырып, жүректерімізде ұзақ сақталатын қуаныш сыйлады.
Сіздердің жомарттықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында біз тек қана айтулы күнді лайықты деңгейде атап қана қойған жоқпыз, сонымен қатар балаларымызға шаттық, ертеңгі күнге сенім және әрдайым жанымыздан табылатын мейірім мен қамқорлық бар екеніне деген сенім сыйладық.
Сіздердің үлестеріңіз – бұл жай ғана мектепке көрсетілген көмек емес, ол – оқушыларымыздың болашағына, олардың біліміне, армандарына және жетістіктеріне салынған баға жетпес инвестиция.Өйткені бүгінгі балалар – ертеңгі Қазақстанның қуатты да гүлденген елін құратын азаматтар. Осы маңызды сәтте бізбен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін жүрек жарды алғысымызды  айтамыз! Жақсылықтарыңыз  бен жомарттықтарыңыз  өздеріңізге еселеп қайтып, сіздерге және отбасыларыңызға  табыс пен береке әкелсін! Осы қуанышты сәтті пайдалана отырып, біздің мектебімізге  қолдау көрсетіп, сенімді серіктес болған  демеушілеріміздің есімдерін ерекше ілтипатпен атап өткім келеді.  Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында осы  игі іс жүзеге асып, мектебіміздің дамуына үлкен үлес қосылуда. Бұл —  сіз бен біздің ортақ жетістігіміздің  жетістігі.
ТОО "Шахтерское"   директоры : Прокоп Г.Г
 ТОО "Жараспай" директоры:  Конурбаев   С.О.
Есмаганбетова А.К.  білім саласының ардагері
Жуматаев А.У. К.Мынбаева  ауылының әкімі
К.Мыңбаев ауылының шаруа қожалықтары: 
Шахабаев Мейрам 
Шахметов Қанат 
Рыбаков Владимир 
Ермоленко Александр 
Ханнанов Руслан
Ташенов Ерсін 
Дымнич Женя  
Дымнич Анатолий 
Беляев Анатолий 
Мыңбаева Гүләйім  Хамзеқызы (1979 жылғы түлек)
Белиспаева Ания Қылышевна (1979 жылғы түлек)
Байсалова Рымтай Макажановна (1979 жылғы түлек)
1984 жылғы түлектер :
1.Алпысбаева Алия
2.Байталяков Манас
3.Смагулов Жұмабай
4.Альмагамбетов Мурат
5.Белиспаева Маржан
6.Ахметов Жанбай
7.Жусупова Райхан
8.Баймагамбетов Есентай
1990 жылғы түлектер: 
1. Бюрабеков М 
2. Букеров Н,
3. Жусупов Е
4. Смаилов Казбек)
1993 жылғы түлектер: 
 Шахметова Жамиля
Дайыров Азат
Сүлейменов Жақсыгелді
Амиров Умутбек
Балмаганбетова Нурсулу
Көбжан Нұрбек
Абданбаева Наргиза 
Майкенова Гүлім
Өменов Жанболат
Жекежанов Мади
Есенов Нұрсұлтан
Оразалин Мұқатай
Шалабекова Бибигуль  (2001 жылғы түлек)
Садыков Азамат   Шербаков ауылының әкімі, (2001 жылғы түлек)
К.Мыңбаев  мектептің педагогикалық ұжымына да жеке алғысымды білдіргім келеді.  Сіздердің  табанды  еңбектеріңіз  бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында   жоспарланған іс-шара ең жоғары деңгейде өтті. Сіздердің кәсіби  шеберліктеріңіз бен  іске деген адалдықтарыңыз  және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге деген ұмтылыстарыңыз болашақ ұрпаққа  үлгі, мектеп үшін зор мақтаныш. 
Құрметпен және ризашылықпен, Қ. Мынбаев атындағы мектептің әкімшілігі, педагогтары, ата-аналары мен оқушылары.
Новости