«Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы
2025 жылғы 8 желтоқсанда Кәрім Мыңбаев атындағы ЖББМ «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Қазақстан халықтарының достығы» тақырыбында баяндама жасалып, елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығы мен бірлігі туралы айтылды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
