11.12.2024 жылы Нұра ауданы, Байтуған жалпы білім беретін мектебінде аудандық семинар өтті. ???? Семинар тақырыбы: «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің технологиялық әдіс-тәсілдерін сабақта пайдалану»

Семинардың мақсаты:
• Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні арқылы оқушыларға әскери-патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбие беру;
• Мұғалімдер арасында әдістемелік іс-тәжірибе алмасу;
• Озық тәжірибелерді насихаттау.
✳️ Алғысымызды білдіреміз!
Семинарға қатысып, белсенділік танытқан барлық ұстаздарға алғысымызды айтамыз. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуда бірлесе еңбек етуді жалғастырайық!