9 Мамыр – Жеңіс күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Оқушылар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, көріністер қойып, жүрек тебірентер өлең жолдарын оқыды. Кеш барысында майдангерлерге деген құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбіт өмірдің маңызы терең насихатталды. Бұл кеш – ерлікті ұлықтап, елдің тарихын ұмытпауға бағытталған тағылымды шара болды.