Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде 18-сәуір күні 5-11 сынып оқушыларының аудандық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторлары Ә.Т.Ибитанова және С.Ж.Талаев, А.Ә.Қордабай оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Құқық бұзушылық", "Вымогательство", "Правовая ответственность несовершеннолетних", "Половая неприкосновенность несовершеннолетних", "Административная и уголовная ответственность несовершеннолетних", "Бытовое насилие в семье" тақырыптарында баяндама оқыды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетті. Сонымен қатар оқушыларға жолда жүру ережесін түсіндіру мақсатында: "Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау", "Соблюдение правил дорожного движения" тақырыптарында баяндама оқыды. Сонымен қатар "Детский суицид и факторы риска" тақырыбында сөз қозғады.
Оқушылардың аудандық КТІЖ учаскелік полиция инспекторларымен кездесуі