"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбындағы сынып сағаты
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жанат Арман оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы ақпарат беру, патриоттыққа баулу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында 8-9 сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, зардабы жайлы сөз қозғады. Ақпараттық бейнефильм тамашалады.