Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде ҚР Конституциясы күні қарсаңында бірнеше іс-шаралар атқарылды. Мектеп кітапханашысы А.Г.Хасеновна "Азат елдің ар намысы-Ата Заң" тақырыбында тақырыптық сабақ, құқық пәнінің мұғалімі Жанат А. "Кішкентай азаматтардың құқығы зор" атты танымдық сабақ өткізді. Сонымен қатар мектеп кітапханасында "Конституция-еліміздің басты заңы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Құқы пәнің мұғалімі Тусуповп Г.А. "Конституция Казахстана сквозь призму времени" атты қызықты викториналық сұрақтардан құралған сабақ өткізді. Сынып жетекшілерімен “Конституция-нұрлы өмір шырағы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: ҚР Конституциясы жайлы толық ақпарат беру, Ата Заңды құрметтеуге баулу, адамдардың құқығы мен міндеттері жайлы пікір алмасу.
"Азат елдің ар намысы-Ата Заң" тақырыбында тақырыптық сабақ