back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Мектебім- мейірім мекені"сынып сағаты
01-09-2023 16:01
М. Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде жаңа оқу жылының баталуына орай барлық сыныптарда "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 
Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру. 
Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты құндылықтарды насихаттады. Оқушыларға достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын түсіндірді.
Новости