"Салауатты өмір салты- жақсы көңіл- күйдің кілті" денсаулық-сауаттылық апталығы аясында қызықты іс-шаралар өткізілді
М.Дулатұлы атындағы ЖББМ ішіндегі ''Айгөлек" шағын орталығында "Салауатты өмір салты- жақсы көңіл- күйдің кілті" денсаулық-сауаттылық апталығының бесінші күні "Денсаулық еліне саяхат" тақырыбы бойынша суреттер байқауы болды ата-аналар өз балаларымен бірігіп сурет салып бояса, "Сабынның күші" тақырыбында тәрбиеші А.Е.Темирбекова мен Г.Мамбетова екеуі сабынның адам өміріндегі маңызын түсіндірді. "Көңілді орта" тақырыбы алынып түрлі эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.