back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
24-05-2024 11:40
 «Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
24 мамыр күні Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1-10 сыныптарының барлық білім алушыларына «Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты сағат 08:30 ҚР Әнұранымен басталды. 2023-2024 оқу-жылының қорытынды тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Оқушылар интерактивті тақтадан ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик тамашалады. 
Сонымен қатар білім алушыларға  Қазақстан Республиксы Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің тапсырысы бойынша құрастырылған Гайдбуктер таратылды.
Новости