Мектепішілік ата-аналар жиналысы

М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде 29 қазан күні I оқу тоқсанының қорытындысы бойынша мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында сынып жетекшілері 2024-2025 оқу жылының І тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысымен таныстырып, бала қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата – аналар жиналысының мақсаты мектеп пен ата – ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата – аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақыру болып табылады.