«Кітап оқуға қызығушылықты арттыру»

Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде «Оқу шаттығы» апталығы аясында 10-11-сынып оқушыларымен «Кітап оқуға қызығушылықты арттыру» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
Мақсаты:оқу шаттығы апталығы аясында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру.Сонымен қатар, оқушыларды кітап оқуға, жаңа білім алуға және өз ойларын ашық түрде жеткізуге ынталандыру мақсатында түрлі іс-шаралар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру.