
М.Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының Наурызнама он күндігі аясында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ұлттық киім» күні аталып өтті. Дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға.Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді.Осыған байланысты «Айгөлек» шағын орталығының ата- аналары заманауи дәстүрлі киім үлгісін көрсетті.