20 Наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай ауылымыздың орталық клубында ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен тамаша іс-шара өтті. Мерекелік шарада халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері кеңінен көрсетілді. Ұстаздар жүн сабау, жүн түту, жүн иіру сияқты дәстүрлі қолөнер тү

20 Наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай ауылымыздың орталық клубында ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен тамаша іс-шара өтті. Мерекелік шарада халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері кеңінен көрсетілді. Ұстаздар жүн сабау, жүн түту, жүн иіру сияқты дәстүрлі қолөнер түрлерін көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар, шаңырақты биікке көтеріп, ұстаздар ленталар ұстап, әз-Наурызға ақжарма тілектерін білдірді. Кеш соңында ұстаздар хормен әсем ән шырқап, мерекелік шараны әсерлі нотамен аяқтады.
Бұл мереке ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға зор үлес қосты. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!