«Еңбек – елдің берекесі»

Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбек – елдің берекесі» атты тәрбие сағаты өтті.
2025 жылдың 22 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары арасында еңбек күніне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — әртүрлі маман иелері туралы мағлұмат беру, олардың қоғамдағы рөлін түсіндіру, оқушыларды болашақ мамандық таңдауға ынталандыру, еңбекке баулу. Сонымен қатар, еңбек адамдарының өмір жолын үлгі ете отырып, оқушылардың бойында еңбекке деген қызығушылық пен талпынысты арттыру көзделді.
Іс-шарамыздың қадірлі қонағы –ауылымыздың білікті фельдшері Хабылкарим Нұрдос болды. Ол өзінің мамандығы жайлы әсерлі әңгіме өрбітіп, күнделікті атқаратын жауапты жұмысы мен еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушылар қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды.
Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, еңбекқор болудың маңызын түсініп шықты. Бұл кездесудің жастардың болашақ мамандық таңдаудағы сенімділігін арттыруда үлкен рөл атқарғаны анық.