Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес, қазан айының 6-ы күні зорлық-зомбылық күніне арналған «Мейірімділік күш: зорлық-зомбылықсыз жол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқуш
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес, қазан айының 6-ы күні зорлық-зомбылық күніне арналған «Мейірімділік күш: зорлық-зомбылықсыз жол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында қауіпсіз қоғамда еркін өмір сүре алуына деген сенімділікті ояту.
Сонымен қатар, сынып сағаты аясында 10 минут «Буллингтен қорған» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастағы толеранттылықты арттыру және қақтығыстардың алдын алу.
Оқушылар буллинг және кибербуллинг ұғымдарымен, олардың зиянды әсерлерімен танысты. Топтық жұмыс барысында олар сыныптың негізгі ережелерін құрастырып жазды.
Сондай-ақ, сыныпта қолайлы және жылы қарым-қатынас орнату мақсатында «Тамаша күн үшін рахмет» ойыны ойнатылды.
#Нұраауданыбілімбөлімі
#МіржақыпДулатұлыатындағыЖББМ
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
@bilimboliminura
#@oqu_agartu_ministrligi
#@altynsarin_akademiasy
#@obb_qaragandy
#@umckrg