Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының тақырыбына сай оқушыларға сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру, жолда
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының тақырыбына сай оқушыларға сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Сонымен қатар «Кибербуллингтің белгілері: оны ерте қалай тануға және өзіңізді қалай қорғауға болады?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға кибербуллингтің түрлері мен белгілерін түсіндіру, оның алдын алу жолдарын үйрету, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, психологиялық және құқықтық көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат беру.
