«Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданының білім бөлімі» ММ жалпы орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің қалыптастырылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті.
Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия сайлайды.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Үміткерлерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Қосымшада білім беру мекемелерінің тізімі берілген.
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 16-26 ақпан аралығында.
Ұсыныстар Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра аудандық білім бөлімі» ММ беріледі, Сейфуллин көшесі 34.
Байланыс телефоны: 8-72144-22-6-40
Электрондық мекен-жай: nurametod@mail.ru
Тізім
1. КММ Ы.Алтынсарин ат. ТМ
2. КММ М.Жұмабаев ат.ЖББМ
3. КММ Ш.Уалиханов ат. ЖББМ
4. КММ Аққолқа БМ
5. КММ С.О.Талжанов ат. ЖББМ
6. КММ Пушкин НОМ
7. КММ М.Сүлейменов ат.ЖББМ
8. КММ С.Сейфуллин ат. ЖББМ
9. КММ Балықтыкөл НОМ
10. КММ Баршын ТМ
11. КММ А.Асылбеков ат. ЖББМ
12. КММ"Жана-КұрлысБМ"
13. КММ Жараспай ЖББМ
15. КММ Ә.Бөкейхан ат. ЖББМ
16. КММ Нұра ЖББМ
17. КММ К.Мыңбаева ат.ЖББМ
18. КММ А.Байтұрсынұлы ат.ЖББМ
19. КММ Д.Шалабекова ат БМ
20.КММ Қарой ЖББМ
21. КММ . М. Сулейменова" ат ТМ
22. КММ Р Асубаева ат ЖББМ
23. КММ Ж.Аймауытулы ат НОМ
24. КММ Құланөтпес НОМ
25. КММ М.Дулатулы. ЖББМ
26.КММНыгыманБМ"
27.КММ СоналыБМ
28. КММ О.Турлыбекова ат БМ
29. КММ. Р. Кошкарбаева" ЖББМ
30.КММ"Сарыөзен"НОМ
31.КММ Қ .Шайменоваат ЖББМ
32.КММ Абай ат Шубаркөл ЖББМ