Жаңалықтар

2025 жылдың 18 тамызында Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына секциялық отырыс ұйымдастырылды. Секциялық отырыста 2025-2026 жаңа оқу жылына бағытталған “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспары қарастырылды. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ОӘО-ның әдіскерлері А.Х.Калмаганбетова, У.Т.Дауыпбаева және директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлардың құзыреттілігн арттыру мақсатында А.З.Мухамедьярова , Қарағанды қаласындағы #73 негізгі орта мектебінің директорының орынбасары Е.Н. Акижанов бағыт берді. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға ғана емес, сонымен бірге одан әрі бірлескен жұмыс бағытын қоюға мүмкіндік береді.
@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg