2022 жылдың 21 қыркүйегінде «Осакаров ауданының мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті. Мемлекеттік мұрағат дайындаған іс-шаралардың түйінді идеясы мұрағаттық құжаттарды пайдалана отырып, балаларды Қазақстан, шағын Отан тарихын зерттеуге кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру болды. Жобаға Қарағанды облысы білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің «No12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ оқушылары қатысып, мұрағатта болып, мекеме қызметкерлері экскурсия жүргізді. Құжаттар қоймасы, құжаттарды цифрландыру бойынша шеберлік сыныбын көрсетті, өздерінің шағын Отанының білім тарихы, кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша викторина өткізді. Тәжірибелі ұстаздардың көмегімен мектеп оқушылары республикалық «Мұрағат және болашақ ұрпақ» пилоттық жобасына қатысы, ғылыми жобалар жасайды.
«Осакаров ауданының мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті