back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
халқы тілдерінің он күндігіне
13-09-2023 11:16
халқы тілдерінің он күндігіне

Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің он күндігіне арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтті. Ұлттық ойындардың әрбір түріне тән басты мақсат – адамға әсер ету, қоршаған ортадан мағлұмат беру, патриоттық рухта қалыптастыру, тәрбиелеу. Ұлттық спорт түрлері, дене жаттығулары мен халық ойындары мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қозғалыс қажеттілігін қанағаттандырудың, дененің үйлесімді дағдыларын меңгерудің негізгі құралы ретінде пайдаланылды. Ұлттық спорт түрлеріне тән қасиет - олардың динамизмі, жалпыға бірдей қолжетімділігі, практикалық және қолданудың қарапайымдылығы. Дене шынықтыру сабағына ұлттық ойындарды енгізу балалардың денесінің шыңдалуына, ептілігін, зейінділігін дамытуға бағытталады.

Новости