back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
2023 жылы 25 қазанда, 71 жасқа қараған шағында аяулы ана, құрметті ұстаз, еңбек ардагері Рымкеш Рашқызы өмірден озды.
26-10-2023 09:32
2023 жылы 25 қазанда, 71 жасқа қараған шағында аяулы ана, құрметті ұстаз, еңбек ардагері Рымкеш Рашқызы өмірден озды.
2023 жылы 25 қазанда, 71 жасқа қараған шағында аяулы ана, құрметті ұстаз, еңбек ардагері Рымкеш Рашқызы өмірден озды.
Рымкеш Рашқызы 1953 жылы 07 сәуірде Егіндібұлақ ауданы Қарағанды облысында дүниеге келді. 1969 жылы Егіндібұлақ ауданындығы нөмірі бірінші орта мектепті бітіріп, 1969 жылы Қарағанды педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетіне оқуға түсіп 1974 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің тарих және педагогика факультетін бітірді. Еңбек жолын 1974 жылы Егіндібұлақ ауданының пионерлер үйінде методист және мектеп интернатта тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1980- 1982 жылдарда сол мектепте оқу ісінің меңгеруші қызметін атқарды. 1982- 1985 жылдары Қарқаралы ауданының нөмірі он бесінші мектебінде, ал 1985- 1995 жылдары Осакаровка ауданының нөмірі сегізінші орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 1995- 1997 жылдары Қарқаралы қаласындағы нөмірі екінші мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек атқарды. 1997 - 2016 жылға дейін Осакаровка кентінің нөмірі он екінші мектебінде еңбек етіп, зейнетке шықты. Іскерлік қабілеті мен білімділігінің арқасында ұстаздық жолында өз үлесін қосты. Еңбек жолында аудан әкімінің , Қарағанды облысы білім басқармасының,Осакаров ауданының білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Рымкеш Рашқызының отбасына, туған туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтамыз. Марқұмның жарқын бейнесі біздің есімізде әрдайым сақталады.
«№ 12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ ұжымы.
Новости