Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай, мектебімізде «Тіл – кемел болашақ тұғыры» онкүндігі 5-15 қыркүйек аралығында өткізілді. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Біздің мектебімізде де осы туған тілді сақтап қалу, дамыту, өркендету үшін көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Осы апталық барысында жоспарлы түрде «Оқуға құштар ұрпақ» атты көрме, 1-11 сынып оқушыларына «Тіл-ұлттың рухани негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары, 5-сынып оқушыларымен «В мире сказок» атты іс-шара, «Books are my best friends», "Knowledge festival",«Ұшқыр ой мен шешен тіл» квесті ойыны, «Play and Learn» викторинасы, үзіліс кезінде де көптеген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін өткізу барысында, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлініп, «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Ең белсенді оқушылар онкүндіктің жабылуында алғыс хаттармен марапатталды.
Тіл – кемел болашақ тұғыры