back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе гимназии №9"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе гимназии №9"
Тіл – кемел болашақ тұғыры
15-09-2023 15:22
Тіл – кемел болашақ тұғыры

Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай, мектебімізде «Тіл – кемел болашақ тұғыры» онкүндігі 5-15 қыркүйек аралығында өткізілді. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Біздің мектебімізде де осы туған тілді сақтап қалу, дамыту, өркендету үшін көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Осы апталық барысында жоспарлы түрде «Оқуға құштар ұрпақ» атты көрме, 1-11 сынып оқушыларына «Тіл-ұлттың рухани негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары, 5-сынып оқушыларымен «В мире сказок» атты іс-шара, «Books are my best friends», "Knowledge festival",«Ұшқыр ой мен шешен тіл» квесті ойыны, «Play and Learn» викторинасы, үзіліс кезінде де көптеген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін өткізу барысында, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлініп, «Тілге құрмет – елге құрмет!»  атты іс-шара өткізілді. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Ең белсенді оқушылар онкүндіктің жабылуында алғыс хаттармен марапатталды.

Новости