Темекі шегу - қауіпті тұзақ
Оқушылардың құрамында никотин бар өнімдерді тұтынуының алдын алу, темекі шегудің салдары туралы хабардар ету мақсатында әлеуметтік педагог 7 сынып оқушыларымен сыныптан тыс "Темекі шегу - қауіпті тұзақ" іс-шарасын өткізді.
Әлеуметтік педагог адам ағзасына зиянды әдеттердің (темекі шегу, соның ішінде электронды темекі шегу) әсері туралы айтты. Өсіп келе жатқан организмде пайда болатын темекі шегудің әсеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар сабаққа қызығушылық танытып, сұрақтарға белсенді жауап берді.