back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№34 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№34 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приём в первый класс
27-03-2024 11:23
Приём в первый класс
Осакаров ауданының мектептеріне 1-сыныпқа қабылдау туралы 
ата-аналар нені білуі тиіс!????????????
 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы №248 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылында 1-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау 01 сәуірден басталып, ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
 1-сыныпқа 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Осакаров ауданының мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау «e.bilimal.kz» порталы, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» «egov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
 Биылғы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2024 жылдың 01 сәуірінен 31 тамызына дейін «e.bilimal.kz», «egov.kz» порталдарына тіркеліп, өтініш беруі тиіс. 
Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін Сіздердің назарларыңызға өтінім беру алгоритмін ұсынамыз: 
1. «e.bilimal.kz» сайтында «1-сыныпқа өтініш беру» бетін таңдаңыз. 
2. «Құжаттар тізімі» бөліміне өтіп, «Өтініш беру» батырмасын басыңыз; 
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
А) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі. 
Б) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуретінің электрондық көшірмесі. 
В) №063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. 
Г) №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. 
Д) ПМПК (педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия) қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін); 
3. Ата-аналар (заңды өкілдер) жоғарыда көрсетілген сайтта барлық міндетті жолдарды толтырып, «Тіркелу» батырмасын басу керек;
4. Тіркеуден өткеннен кейін баланың ата-анасының (заңды өкілінің) «Жеке кабинеті (профиль)» автоматты түрде құрылады, онда барлық деректерді қайта тексеру қажет; 
5. «Жеке кабинетке (профиль)» баланың барлық деректерін енгізу қажет – ЖСН, Т.А.Ә., туған жылы, жынысы, туу туралы куәліктің № және барлық қажетті құжаттарды (жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес) тіркеу және «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет; 
6. «Оқу орнын таңдаңыз» бетінде - оқыту тілі, тұрғылықты мекен-жайы, оқу орнын белгілеп, «Өтініш беру» батырмасын басасыз»; 
7. «Өтінімді қарау» бетінде барлық деректерді қайта тексеріп, өтінішке қол қоясыз, одан әрі  «Мектепке жіберу» батырмасын басыңыз.
Өтінішке қол қоюдың 2 тәсілі бар: 
1-тәсіл-толтырылған өтінішті жүктеп аласыз, оны басып шығару керек, қол қоясыз да сканерлеп тіркеп жіберу керек.
2 тәсіл – ата-ананың (заңды өкілдің) ЭЦҚ көмегімен қол қойып өтінімді жіберу керек; 
8. Берілген өтінімнің мәртебесін ата-ана (заңды өкіл) «Жеке кабинетінде (профиль)» қарай алады.
Ата-аналар (заңды өкілдер) тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады. 
Осы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаса, онда ата-аналар (заңды өкілдері) тұрғылықты жері бойынша мектепке, сондай-ақ «e.bilimal.kz» сайтындағы техникалық қолдау қызметіне «Кері байланыс нысаны» бөлімінде хабарлама қалдыра алады. 
1-сыныпқа қабылдау бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпарат Осакаров ауданының білім бөлімі мен жалпы білім беретін мектептердің Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланған, сондай-ақ YouTube каналында https://youtu.be/i1tVb6MoBcA сілтемесі бойынша бейне нұсқаулықты көре алады немесе «e.bilimal.kz» сайтында орналастырылған.
 
В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан «Об образовании», приказом Министерство просвещения Республики Казахстан №248 от 07 августа 2023 года, приём документов для поступления в 1 класс в 2024-2025 учебном году, начнётся с 01 апреля и продлится до 31 августа текущего года.
В 1 класс принимаются дети в возрасте 6 лет и дети, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет.
Прием в 1 класс в школах Осакаровского района будет осуществляться через портал «e.bilimal.kz», а также через веб-портал «электронного правительства» «egov.kz».
Родителям (законным представителям), желающим в этом году отдать ребёнка в первый класс необходимо с 01 апреля по 31 августа 2024 года зарегистрироваться и подать заявку на портале «e.bilimal.kz», «egov.kz».
 Заявка подается с любого компьютера, гаджета используя электронно-цифровую подпись (ЭЦП) родителя (законного представителя) будущего первоклассника.
Для получения государственной услуги, уважаемые родители (законные представители), предлагаем Вам алгоритм действий:
1. На сайте «e.bilimal.kz» выбрать вкладку «Подать заявление в 1-ый класс».
2. Перейти к разделу «Перечень документов» и нажать кнопку «Подать заявку»;
Необходимые документы для заявки:
А.)электронная копия свидетельства о рождении ребенка.
Б) электронная копия фотографии ребенка размером 3х4 см.
В) электронная копия документа о состоянии здоровья по форме № 065/у. 
Г) электронная копия документа о состоянии здоровья форма №026/у-3.
Д) Заключение ПМПК (педагого-медико-психологической комиссии (для детей с особыми образовательными потребностями);
3. Родители (законные представители) должны пройти Регистрацию на вышеуказанном сайте, заполнив все обязательные поля и нажать кнопку «Зарегистрироваться»;
4. После прохождения регистрации автоматически создается «Личный кабинет (Профиль)» родителя (законного представителя) ребёнка, в котором необходимо перепроверить все данные;
5. В «Личный кабинет (Профиль)» необходимо ввести все данные ребёнка – ИИН, Ф.И.О, Дата рождения, Пол, № свиделельства о рождении и прикрепить вс необходимые документы (согласно вышеуказанного перечня документов) и нажать кнопку «Далее»;
6. Во вкладке «Выберите учебное заведение»- Язык обучения,Адрес проживания, Учебное заведение и нажать кнопку «Подать заявление»;
7. Во вкладке «Просмотр заявки» перепроверить все данные и Подписать заявление далее нажать кнопку «Отправить в школу». 
Есть 2 способа подписи заявления:
1 способ - Скачать заполненное заявление, распечатать, подписать и прикрепить сканированный документ с «живой» подписью.
2 способ – Подписать с помощью ЭЦП родителя (законного представителя);
8. Статус поданной заявки родитель (законный представитель) может просмотреть в «Личный кабинет (Профиль)» который был создан при регистрации.
 
В случаях предоставления родителями (законными представителями) неполного пакета документов согласно перечню и (или) документов с истекшим сроком действия школа отказывает в приеме заявления. 
Если возникли вопросы при получении данной государственной услуги, то родители (законные представители) могут обратится в организацию образования по месту жительства, а также на сайте "e.bilimal.kz ", оставив сообщение в разделе «Форма обратной связи». 
 
Информация по приему в 1 класс для родителей (законных представителей) опубликована на страницах Facebook, Instagram, Telegram Отдела образования Осакаровского района и общеобразовательных школ, а так же можете просмотреть видеоинструкцию на YouTube по следующей ссылке: https://youtu.be/i1tVb6MoBcA либо на сайте "e.bilimal.kz ".
Новости