back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
25-01-2023 11:48

  2021 жылдың 26 қаңтар күні "Математикалық сауаттылық апталығы аясында" мектебімізде әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 1-4-сыныптар аралығында "Мен математикамен доспын" атты математикалық ребустар, сөзжұмбақтар және т.б. байқаулар ұйымдастырылды. Оқушылардың математикаға деген ынтасын артып, қызығушылықтары жоғары болды. 5-7-сыныптар аралығында "Математика және менің отбасым" тақырыбында зум арқылы сайыс өтті. Оқушылар және ата-аналар жоғары деңгейде дайындалған.  Тапсырмалар орындау барысында қиындық болған кезде ата-аналар баларына көмектесіп, өзінің тобының алға шығуына ұмтылды. Математикалық ребустар, сөзжұмбақтар және әртүрлі тапсырмалар берілді. Өз деңгейінде орындап шықты. Осылай ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынас нығайды. 8-9-сыныптар арасында"Менің өмірімдегі математика" тақырыбында  математика бойынша шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Осы байқау арқылы математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы арасында пәнаралық байланыс болды. 10-11-сыныптар арасында "Математикасыз бір күн" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Оқушылардың жазба жұмыстарынан математикаға деген қызығушылықтарын жоғары екенін байқауға болады.

@umckrg @bahyt_himaldin
#ҚарағандыоблыстықбілімбасқармасыныңОсакароваудандықбілімбөлімініңN11ортабілімберумектебіҚарағандыоблысыныңоқуәдістемелікорталығы
#математикаайналамызда
Новости