back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
25-01-2023 12:20
2023 жылдың 25 қаңтар күні Математикалық сауаттылық апталығы аясында бастауыш сыныптарда "Өнегелі өмірі" жобасы аясында математика саласында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныптарымен әңгіме-сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында бастауыш сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларына сұрақтар қойып, пікір алмасты. Орта буын, яғни 5-7, 8-9-сыныптары "Өнегелі өмір" жобасы аясында математика саласындағы табысты қызметкерлермен таныстыру өткізілді.  Көру барысында кәсіпкерлер өздерінің табысқа жетудегі қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнегелі өмір жолдарымен таныстырды, яғни математикасыз еш мәселе шешімін таппайтынын түйін ретінде қорытынды жасады. Жоғары сынып оқушылары арасында ЖОО-на мектепте машықтан өтіп жүрген студенттер  саяхат жасады.  Атап айта кетсек, Қарағанда қаласының мемлекеттік университеті, "Болашақ" академиясы мен Саран гуманитарлық-техникалық колледжімен оқушыларды таныстырды. Онда жоғары сынып оқушылары ЖОО-мен, колледждермен танысты. Мамандық таңдауға септігі, пайдасы тиді десек артық болмайды. Осындай іс-шаралар арқылы жоғары сынып оқушыларымен бастауыш сыныптар арасында байланыс нығайып, жоғары сынып оқушыларына болашақта мамандық таңдауга мүмкіндік алары сөзсіз.@umckrg @bahyt_himaldin
#ҚарағандыоблыстықбілімбасқармасыныңОсакароваудандықбілімбөлімініңN11ортабілімберумектебіҚарағандыоблысыныңоқуәдістемелікорталығы
#математикаайналамызда
Новости