back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
"N11 ЖББМ" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлағат" әкелер мектебі жобасы аясында "Әке жолы-ізгі жол" атты апталық
27-02-2024 10:01
"N11 ЖББМ" КММ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлағат" әкелер мектебі жобасы аясында "Әке жолы-ізгі жол" атты апталық шеңберінде 5-6-сыныптарда балалары мен әкелер арасын нығайту мақсатында "Ұмытылып бара жатқан қазақтың салт-дәстүрлері" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында оқушыларға соғым сою, соғым сойғанда айтылатын тілек және ет мүшелеу дәстүрлері туралы дәріптелді.
Мақсаты: "Әке-мектеп-бала" үштігінің өзара байланысын дамыту.
Оқушыларды ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді кеңінен дәріптеу.Бүгінде қазақ ұлтының салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын қайта дәріптеуді, жастарға насихаттауды борыш деп білуіміз керек.
Салт-дәстүрді, бала тәрбиелеуді басты міндет деп білген қазақ даналары «Қызың жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол, Ұлың жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол» дейтін. Халқымыз ата-баба өсиетін берік ұстанып, қыз бала ес біліп етек жеңін жинай бастаған кезден-ақ текті, тәрбиелі, иманды, адамгершілігі жоғары, өнерлі
ортамен қарым-қатынас жасап, оларға жақын болуға икемдейтін. Қазақ қызын әрқашан да сыпайылыққа, инабаттылыққа, қисық мінез кеселді сөзден аулақ болуға тәрбиелеген. Ұлын батылдық пен батырлыққа, турашылдық пен шыншылдыққа, имандылық пен даналыққа бағыттап тәрбиелеген.

Новости